Ұстаздардың біліктілік деңгейі қағаз жүзінде жоғары болғанымен шәкірттердің білімі оған сай емес. Бұл туралы ұлттық арнаға сілтеме жасап Педагог – KZ хабарлайды.
Қала әкімінің орынбасары мектеп директорлары оқушыларға бағаны көтермелеп қойған ұстаздарға көз жұма қараған, деп отыр.
Оның дәлелі арнайы ұйымдастырылған тексеріс кезінде оқушылар небәрі 40 пайыздан ғана жоғары оқу үлгерімін көрсеткен.
Ал 600-ге жуық мұғалім педагогикалық әдістемелік тәжірибесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған тегін курстарға қатыспағаны анықталды. Мұны мектеп директорлары да бақылауға алмаған.