Бес күндік курс барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері педагогтерге қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын үйретеді, деп хабарлайды Педагог-KZ.
«Курска жиналған педагогтар қаржылық мінез-құлық психологиясы, отбасындағы бюджет пен шығындарды жоспарлау әдістерін меңгереді. Ал ҚР Ұлттық Банкі мамандары инфляцияның жеке қаржыға ықпалы, инвестиция, цифрлық активтер, несие мен зейнетақы жүйесі, алаяқтықтың түрлерін ажырату және жеке деректерді қорғау тақырыптарында дәріс оқиды», — делінген ақпаратта.
Осылайша, бір апта ішінде еліміздің барлық өңірінен «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 500-ге жуық педагог арнайы курстан өтіп, мектеп оқушыларына дәріс оқуды бастайды. Жыл соңына дейін тағы 6 мың педагог курстан өтіп, 2026 жылы тағы 4 мың мұғалім қамтылмақ.