Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова келешек мектептерінде «Бір айда - бір кітап» қағидатын енгізуді ұсынды – деп хабарлайды Педагог-KZ министрліктің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсат оқу сауаттылығы мен функционалдық дағдыларды дамыту және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
«Бір айда - бір кітап» жобасы аясында барлық желілік мектептерде 12 кітаптың бірыңғай тізімі түзіліп, оқылып, талқыланады.
«Бұл бағыт оқушылардың дебаттық және коммуникациялық дағдыларын дамытуға көмектеспек. Сондай-ақ бұл мектептердегі тәрбие мазмұны домбыра, ұлттық спорт және бейінді сыныптар жұмысымен ұштасып, тұлғаның рухани және кәсіби толысуына жағдай жасайды»,- делінген ақпаратта.