Қазіргі таңда Жамбыл облысында 40 мыңға жуық педагог еңбек етуде, оның ішінде 436-сы педагог-шебер. Ғани Бейсембаев Жамбыл облысының педагогтерімен кездесіп, аймақтағы жайлы мектептердің жұмысмен танысты.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Педагог-KZ хабарлайды.
Министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын аралап, әріптестерімен кездесті. Олардың қатарында ардагер ұстаздар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегерлері, педагог шеберлер, педагог-зерттеушілер және «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары да болды.
Педагогтермен кездесуде Ғани Бейсембаев еліміздің игілігі мен адами капиталын қалыптастыруда педагогтің орны орасан зор екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан педагогикалық қауымды қолдау мен дамытуға бағытталған шараларға тоқталып өтті.
Ғани Бейсембаев сондай-ақ білім сапасын арттыру, сапалы педагогикалық құрам қалыптастыру, білім беру инфрақұрылымын жақсарту және тағы басқа білім саласының сұрақтарын әріптестерімен бірге талқылады.