Сайт бойынша іздеу

Жетісу облысындағы білім саласының бухгалтерлері жымқырған ақшаны шетелге аударған

Бөлісу:
nWtjzo52SY.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров Жетісу облысындағы білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты іс бойынша кейбір мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Педагог-KZ tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми деректерге сәйкес, іске қатысы барлардың үйін тінту барысында шетелдік банктің деректемелері көрсетілген қаржылық құжаттар табылған.

Бұл жайт аудандық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты төрт миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу жөнінде болып отыр.

«Қаржы мониторинг агенттігімен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде ұрланған ақшаның бір бөлігінің шетел банкіндегі шотқа аударылғаны туралы мәліметтер алынды. Кейін жаһандық желіні пайдалану арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс офицері шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, күдікті мен оның туыстарының атына тіркелген шоттар мен қаржылық қозғалысты растады», – деді Антикор өкілі брифингте.

Сондай-ақ тергеу барысында шетел азаматының деректері анықталды, ол дәл осы тұлға елден шығарылған ақшаның алушысы болған.

«Ұрланған қаражатты бұғаттап, кейін мемлекет пайдасына қайтару мақсатында шетел мемлекетінің құзырлы органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды», – деп қосты Антикор өкілі.