Сайт бойынша іздеу

Республикалық олимпиада аяқталды: Бас жүлде Алматы, бірінші орын Астана мен Жамбыл облысы

Бөлісу:
jw38MwMbNz.jpeg

Көкшетау қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері пәндерінен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті,-деп хабарлайды Педагог-KZ "Дарын" орталығыныа сілтеме жасап. 

Бес күндік додаға еліміздің әр өңірінен 170-тен астам оқушы қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша әрбір екінші бала, яғни 81 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды.

 Жүлдегер 81 оқушының ішінде ағылшын, неміс және француз тілдері пәндері бойынша 16 алтын, 24 күміс және 41 қола медаль иегері анықталды.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша үшінші орынды Түркістан облысы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» құрамасы, екінші орынды Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстары командалары иеленді. Бірінші орын Астана және Жамбыл облысы командаларына тиесілі. Ал Бас жүлдемен Алматы қаласы командасы марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қатысушыларға төрт білім грантын тағайындады.