Сайт бойынша іздеу

Елімізде педагогтардың рейтингі енгізіледі

Бөлісу:
8ctk1jOgxY.jpg
фото: архив

Келесі жылдан бастап білім беру саласындағы кадрлық құрамды басқаруды жақсартуға бағытталған мұғалімдердің бірыңғай дерекқоры құрылмақ.

Бұл туралы депутатттық сауалға жауап берген  Премьер-министр  Олжас Бектенов айтты. Дерекқор қолданыста бар «Ұстаз» платформасында жұмыс істейді,- деп хабарлайды Педагог-KZ.

Аталған  базада педагогтар туралы толық ақпарат болады. Атап айтсақ педагогтің қайда жұмыс істегені, олардың еңбек өтілі, біліктілік санаттары және аттестаттау нәтижелері.

 Алайда, дерекқор тек бақылау бақылау функциясын атақармайды, сонымен қатар мұғалімдердің өздері үшін мүмкіндіктер қарастырылған. Мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуін және жұмыс тиімділігін ескеретін рейтингін бақылай алады және оны жақсарту жолдарын көре алады.

Сонымен қатар, үздік оқытушылар басқа мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізу арқылы өз тәжірибелерімен бөлісе алады.

Жасанды интеллект қалай қолданылады?

 Базада өңірлердегі мұғалімдердің қажеттіліктерін болжауға көмектесетін жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударылатын болады. Мысалы, жүйе демографиялық жағдайды, мектеп оқушыларының санын, сондай-ақ елдің әртүрлі аймақтарындағы білім беру мекемелерінің қажеттіліктерін ескеріп, талдау жасайды. Бұл мұғалімдерді қабылдауды дәлірек жоспарлауға және белгілі бір аймақтағы мамандардың жетіспеушілігіне уақытылы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Педагогтар мен білім беру сарапшыларының не дейді?

Олардың пікірнше көптеген мұғалімдер үшін мәліметтер базасын құру-бұл ашық және әділ бағалау жүйесіне жасалған қадам болмақ. Алайда, мұғалімдерге олардың нәтижелерін үнемі жақсартып отыру үшін шамадан тыс жүктеме болып кетуі де мүмкін деген қауіп бар.

  Бұл саладағы Халықаралық тәжірибе қандай?

   Қазақстан мұндай цифрлық жүйені енгізіп отырған жалғыз мемлекет емес. Финляндия мен Оңтүстік Корея сияқты елдерде білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін мұғалімдердің жұмысын бақылайтын мұндай платформалар бұрыннан қолданылады.  Қазақстан осы саладағы мамандарды үздік даярлауды қамтамасыз ету үшін әлемдік трендтерді ескере отырып, өз жүйесін дамытатпақ.

Жеке мәліметтердің қауіпсіздігі

Платформаны енгізудің маңызды аспектілерінің бірі мұғалімдердің жеке деректерін қорғау. Ол үшін жеке адамға қатысты ақпараттың жария болып кетпеуі үшін  қатаң құпиялылық шаралары әзірленеді делінген премьер-министр ақпаратында.