Биыл 3 айда кәмелетке толмағандарға қатысты жәбірлеу – буллинг фактісі бойынша 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Бас прокуратураның булинг және кибербулинг проблемасына қатысты жариялаған видеоматериалында айтылған,- деп хабарлайды Педагог-KZ.
Мамандар буллингтің алдын алу жолдары және оны жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтып берді.
Баланы жәбірлеу, яғни буллинг — бұл күнделікті өмірде, интернетте жүйелі түрде қайталанатын қорлау сипатындағы әрекеттер, қудалау, қорқыту немесе адамға қысым көрсету, сондай-ақ қарсы әрекеттер жасауға мәжбүрлеу.
Егер жасөспірім буллинг жасағаны үшін кінәлі болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.
Қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес кәмелетке толмаған адамды жәбірлегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-2-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген.
Ол үшін ескерту жасауға немесе 10-нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға алып келеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес а.ж. 3 айда елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты жәбірлеу – буллинг фактісі бойынша 29 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды,-делінген ақпаратта.