Сайт бойынша іздеу

Енді кез келген жоғары білімі бар маман педагог-ассистент бола алады

Бөлісу:
k2iYvjnCi6.jpg

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетімен бірлесіп, педагогикалық білімі жоқ азаматтарға арналған кәсіби қайта даярлау бағдарламасын жүзеге асыруда,-деп хабарлайды Педагог-KZ

  Жаңа бағдарлама аясындағы оқу үдерісі бірегей 3+2 форматы бойынша ұйымдастырылады.

Мысалы, Педагог-ассистент болып барлық бағыттағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар оқи алады.

  Курс бағдарламасы теориялық және практикалық дайындықты (педагогикалық тәжірибені) қарастыратын 5 бөлімнен (40 кредиттен) тұрады.

Педагог-ассистент бағдарламасының негізгі бөлімдері

·         -Тиімді оқу ортасы

·         -Пәндік құзыреттер

·         -Пәнді оқыту әдістемесі

·         -Элективті курстар

·         -Педагогикалық практика, қорытынды аттестата у ,-делінген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы жариялаған ақпаратта.