Сайт бойынша іздеу

Аймақтарда «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының жеңімпаздары жұмысқа орналаспаған

Бөлісу:
U1rfBJwnUn.jpg
фото: пресс-служба Минпрос

Оқу-ағарту министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, республикада 7 мыңнан астам мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Олардың тек 9 пайызында менеджерлердің біліктілік санаты бар,-деп хабарлайды  Педагог – KZ

Қазір Қазақстанда  740 мектеп директоры жетіспейді.  Мектеп директорлары әсіресі Түркістан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Алқа отырысында айтылды.

Мәселені  шешу үшін министрлік «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын қолға алған. Алайда, кейбір аймақ әкімдіктері резервшілерді басшылық лауазымдарға тағайындауға қызығушылық  танытпай отыр.

Мысалы, Ақтөбе облысында аталған жобаның 12 жеңімпазының тек екеуі ғана, Шымкент қаласында 23 резервшінің үшеуі ғана, ал  Алматы қаласында конкурста жеңіске жеткен 30 маманның бірде-бірі лауазымға тағайындалған жоқ, - деді Ғ. Бейсембаев бүгін Астанада  өткен ведомствоның  алқа  отырысында.