Осы жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде 64 мың орынға арналған 561 мектепке дейінгі ұйым ашылды, бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ын мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіyt сілтеме жасап Педагог-KZ хабарлайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуда 13 өңір жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Оның ішінде Шымкент қаласын, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарын атап өтуге болады», - деп қорытындылады Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.