«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша 411 педагог кадрлық резервке қосылу үшін Оқу-ағарту министрлігі жанындағы комиссиямен әңгімелесу кезеңіне жолдама алды,- деп хабарлайды Педагог-KZ.
Жалпы 2025 жылы аталған жоба аясында 428 үміткер оқудан өткен. Бірнеше кезеңдік іріктеу нәтижесі бойынша 411 үміткер ақтық айналым әңгімелесу кезеңіне өткен.
Айта кету керек, қазір резервте қажетті 1000 маманның 583-і бар, олардың қатары биыл тағы толығады. Кадр резервіне кірген мамандар конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ бос тұрған басшылық лауазымдарға тағайындалады.