Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Педагог-KZ.
«Республикалық дарынды балаларға арналған Абай атындағы арнайы мектеп-интернатын модернизациялау отандық білім саласының дамуына жаңа серпін беріп, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастар үшін оқу-ағарту орталығына айналуы қажет. Ол Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сәйкес патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасы әзірленуде, онда қазақ тілін және бірнеше шет тілін тереңдетіп оқуға басымдық берілген», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.