«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының ретингін жүргізудің әдістемесін тәжірибеге енгізу барысы жан-жақты талқылануда,- деп хабарлайды Педагог-KZ.
Орталықтың Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова рейтингтік бағалау әдістемесі педагогтерді бақылау үшін емес, ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Оның сөізше әдістеме негізінде үздік педагогтер мен басшылардың республикалық дерекқоры қалыптасады. Осылайша дерекқор кәсіби қауымдастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жол ашпақ.
Айта кету керек, өткен аптада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бұйрығымен педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының ретингін жүргізудің әдістемесі бекітілді.
Педагогтардың рейтингін білім беру ұйымының басшысы осы жылдың қыркүйек-қазан айларында өткізеді.
Ал, мектеп директорларының рейтингін білім беру басқармалары қараша,желтоқсан айларында өтекізеді.