Сайт бойынша іздеу

Есеп үшін өткізілетін форумдар мен жиындар қысқартылады - министрлік

Бөлісу:
Wp8zHUi6MO.jpeg
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі қаржылық шығындарын азайтуға кірісті, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн режимде жиын өткізді. 

Министрлік мәліметінше, енді білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады.  Есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болмақ.

Бұған қоса жиында өңірлердегі кризистік менеджменттің сапасы, бала қауіпсіздігі министрліктің үнемі бақылауында екені айтылды. 
Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауда болуы керектігін жеткізді. Өңірлік басқарма басшыларына жергілікті жерде жедел әрі батыл шешімдер қабылдауды жүктеді. Ата-аналармен кері байланыс орнату мектептегі қауіпсіздік экожүйесінің ажырамас бөлігі екенін еске салды.