Сайт бойынша іздеу

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына 16 мыңдай педагог қатысты

Бөлісу:
4cBLLVTGi0.jpg
Фото: Архив

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының республикалық кезеңі басталды, — деп хабарлайды Педагог-KZ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына сілтеме жасап.

 

Байқаудың өңірлік кезеңінде педагогтер өз идеяларының мазмұнын жазбаша түрде ұсынған еді. Енді республикалық кезеңге өткендер сол идеялардың оқу процесінде қолданылуын бейнематериал түрінде көрсетуі қажет.

 «Бейнематериалдар 3 қарашаға дейін https://ppi.orleu.edu.kz/ платформасында қабылданады. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі», — делінген хабарламада.

Биыл конкурсқа қатысуға өтінім бергендердің саны үш есеге артып, өңірлік кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 16 мыңға жуық педагог қатысқан. Сараптамалық комиссия 7 бағыт бойынша ұсынылған жұмыстардың 816-сын үздік деп танып, олардың 140-ына республикалық кезеңге жолдама берді.