Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстанның Мектепке дейінгі және мектептік білім беру министрі Эъзоза Каримовамен кездесті, деп хабарлайды Педагог-KZ,
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшылары жүргізіп отырған саясаттың нәтижесінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп білім беру бағытындағы ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді, деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.