Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Қостанай облысында 4500 орындық 6 мектеп салынуда. Бұл туралы аймақ әкімдігіне сілтеме жасап «Педагог-kz» хабарлайды.
Жайл мектептер Заречный ауылы, Арқалық және Рудный қалаларында, Құсмұрын ауылында және облыс орталығының белсенді дамып келе жатқан «Аэропорт» және «Береке» шағын аудандарында салынуда.
Айта кету керек, жуырда ғана қостанай облысынжда 900 орындық алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді. Құны 5 миллиард теңге болатын жайлы мектеп 3 қабатты және онда 100 ге жуық оқу кабинеті бар.
Барлық каинеттер тиісті техинкалық базамен жабдықталған және осы оқу ордасының арқасында 100 тұрақты жұмыс орны ашылды.