Сайт бойынша іздеу

Түркістан облысында мұғалімдердің 62%-дан астамы өз пәні бойынша тесттен өте алмаған

Бөлісу:
TodZKwUBFX.jpg

Түркістан облысында мұғалімдердің 62%-дан астамы өз пәнінен тесттен өте алмаған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Білім саласында шындықты айтатын уақыт келді. 5-наурыз күні Түркістан облысының білім саласы бойынша алқа мәжілісін өткіздік. 2025 жылдың нәтижелерін талдап, 2026 жылға нақты міндеттерді белгіледік.  Бірнеше цифр мені қатты ойландырды. Мұғалімдердің 62,6%-ы өз пәнінен тесттен өте алмаған. Кейбір аудандарда мектеп директорларының 70%-дан астамы тесттен құлаған. Әрбір үшінші түлек ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған, - деп жазды ол.

  Баланың болашағы бәрінен маңызды де келе, аймақтың бас ұстазы өз пәнін толық меңгермеген мұғалім балаға қандай білім береді, тесттен өте алмаған мектеп басшысы білім сапасын қалай көтереді, егер біз бүгін білім сапасын көтермесек, ертең облыстың болашағы қандай болады? ,- деп оқырмандарына сауал тастады.