Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың басынан бері білім беру саласында 303 қылмыстық іс тіркеліп, ол жалпы шығын 17,5 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Мәжілістің кеңейтілген отырысында депутат Темір Қырықбаев айтты,-деп хабарлайды Педагог - KZ
Көп қаржы жымқыру фактісі Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облысында және Алматы қаласында анықталған. Бұл аймақтарда қаржылық бақылаудың әлсіздігі байқалады дей келе депутат бірнеше ұсыныс айтты.
«Бірінші, электрондық мектеп» сынды электрондық жүйелерді енгізіп, білім беру саласындағы кадрларды басқарудың бірыңғай электрондық базасын құруды тездету. Екіншіден, жұмысқа орналасу процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, педагогикалық кадрларды іріктеудің ашық және әділ жүйесін қамтамасыз ету. Үшініші қоғамдық бақылауды күшейту. Яғни, ата-аналар комитеті және басқа қоғамдық ұйымдардың білім беру процесіне және қаржылық қызметке қатысуын кеңейту,-деді депутат Темір Қырықбаев