Қазақстанда мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Педагог-KZ Үкіметтің Баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті,
«Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз — педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу»,
— деді Асылбек Ахметжанов баспасөз мәслихатында.
«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы тестіленуде. Осы шешімдерді қауіпсіз кеңейту үшін Министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру деректерін шоғырландыруды аяқтайды.