Бас педагогтің айтуынша, қазір ел мектептерінің 85 пайызы сапалы интернетпен қамтамасыз етілген. Интернет жылдамдығы кемінде – 20 Мбит/с, бұған дейін 4,8 болған. Дегенмен проблема да жоқ емес, 94 ауылдағы мектепті сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Бұл туралы pedagog-kz.kz хабарлайды.
«Қазір шалғайдағы 94 ауылдағы мектепті сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Бұл мәселе қазір Цифрлық даму министрлігімен бірге шешіліп жатыр. Оның басты себебі – 94 мектебіміз шекаралық аймақта орналасқан. Ол жерге біз Starlink-ті жеткізіп көргенбіз, бірақ шекарада орналасқандықтан оның жұмыс істеу мәселесінде кедергілер бар екенін байқадық. Сондықтан оны басқа жолмен шешу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, тағы 136 ауылдық мектеп талшықты-оптикалық желі тарту арқылы интернетпен қамтамасыз етіле ді.