Сайт бойынша іздеу

Алматылық оқушылар соңғы 20 жылдан бері «Ең үздік олимпиада командасы» атағын бермей келеді

Бөлісу:
FNuIbr21eT.jpg

Алматы қаласының оқушылары соңғы 20 жылдан бері республикалық пәндік олимпиадаларда «ҚР ең үздік олимпиада командасы» тұғырынан түспей келеді. Бұл туралы Педагог-KZ хабарлайды.

Бүгін бас педагог Ғани Бейсембаев алматылық талантты және дарынды балалармен кездесті. Оған 100-ден астам халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, балалар-жасөспірімдер ұйымдарының белсенділері қатысты.

 Олардың ішінде физика (IPhO), математика (IMO), информатика (IOI) бойынша ең беделді мектеп олимпиадаларының жүлдегерлері — Марғұлан Нұрсағатов, Досжан Бисімби, Ілияс Қасымбек, Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Максим Цой, Назар Сератзидинов бар.