Сайт бойынша іздеу

Ақтөбелік оқушы ҰБТ-да ел рекордын орнатты

Бөлісу:
yReBN9oZZL.jpeg
Фото: Ақтөбе облысының Білім басқармасы

Жұмабай Айсауле қаңтар айында өткен сынақ форматындағы ҰБТ-да 138 балл жинап, республикалық рекорд орнатты, деп хабарлайды Педагог-KZ облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап. 

Айсауле  №65 мектептің 11-сынып оқушысы, үздік оқушы. Ол зияткерлік байқаулар мен пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып, тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Оқушының жетістіктері қатарында ағылшын тілі, лингвистикалық және математика пәндері бойынша республикалық олимпиадалардың қалалық және облыстық кезеңдерінде жүлделі орындар бар.
Сынақ ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі оның мақсаткерлігін, еңбекқорлығын және білім деңгейінің жоғарылығын тағы бір мәрте дәлелдеді,- делінген Білім басқармасы таратқан ақпаратта.