Сайт бойынша іздеу

Астанада өтетін «Президент шыршасына» әр өңірден 5 бала қатысады

Бөлісу:
wn7OCltUEF.jpg
Фото мұрағаттан

Президенттік шыршаның биылғы басты ерекшелігі  салтанатты шара Астана қаласында өтеді. Бұған дейін президенттік шырша «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өтетін. Бұл туралы Шымкент қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы Әшірбек Әдеев мәлімдеді,- деп хабарлайды Педагог – KZ  «Уақыт тв» телеарнасына сілтеме жасап.

Астанада өтетін Президенттік шыршаға әр өңірден 5 бала қатысады. Шымкент қаласынан шыршаға баратын 5 баланың барлығы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олар оқу үлгерімі бойынша таңдап алынды, үздік оқитын балалар Астанадағы шыршаға барады, олардың жол жүру шығыны мен қонақ үйі жіберуші тараптан төленетін болады- деді қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы.