Олимпиада ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өтеді.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап pedagog-kz.kz хабарлайды.
Олимпиадада өңірлерде өткен олимпиадаларда үздік шыққан 1000-ға жуық оқушы өзара озатты анықтайды.
Олар жаратылыстану-математикалық бағыттың 6 пәні (26-30 қараша аралығында) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 7 пәні бойынша (10-14 желтоқсан аралығында) бақ сынасады.
Олимпиадасының мектепшілік кезеңіне 1000 мыңға жуық (99 264) оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық деңгейге өткен. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы өз білімін шыңдап, республикалық олимпиадаға 1000-ға жуық оқушы өтті. Оның ішінде 486-сы жаратылыстану-математикалық бағытта, ал 450-і қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім сайысына қатысады
Айта кету керек, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған респубилкалық олимпиада өткен оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-ы жеңімпаз немесе жүлдегер атанып, Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталады.
Біздің телеграм каналға жазылыңыз⤵️