Түркістан облысында 3 183 магистр дәрежесі бар мұғалім бар, оның 600-ден астамы ағылшын тілі пәнінің педагогтары, — деп хабарлайды Педагог.KZ.
Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстандағы білім статистикасы» ұлттық жинағын жариялады. Онда орта білім беру жүйесі бойынша толық статистикалық мәлімет қамтылған.
Өткен жылды қамтитын ақпаратқа сай, елімізде магистр дәрежесі бар 25 616 педагог бар. Магистр-педагогтердің ең көбі Түркістан облысы мен Алматы және Астана қалаларында. Түркістан облысында 66 474 педагог болса, оның 3 183-і магистр дәрежелі. Ал Алматы мен Астанада әрбір сегізінші педагогтың магистр дәрежесі бар. Дәлірек айтсақ, Алматыдағы 27 мың 472 педагогтың 3 117-сінде, Астанадағы 18 874 педагогтың 2 236-сінде магистр дәрежесі бар.