Бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Онда педагог баланың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде және өз лауазымдық міндеттері шеңберінде ғана жауапты болады. Жазғы демалыс, түнгі уақыт, демалыс күндері ата-ананың жауапкершілігінде болады деген тиісті заң нормасы бар.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтардың Тамыз кеңесінде ұстаздар оқушылардың қауіпсіздігі үшін тек оқу-тәрбие процесі және өздерінің лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болуы керектігін атап өтіп, осыны заңнамалық тұрғыда реттеуді тапсырған болатын.