Еліміздің мектептерінде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды Педагог-KZ.
16 ақпанда оқушылар қайтадан мектеп партасына отырып, жалпы оқу кестесіне сәйкес оқуын жалғастырады. Көктемгі каникулдар 2026 жылғы 19–29 наурыз аралығына жоспарланған. Ал оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.