Ұстаздар күні мерекесіне санаулы күн қалды. Кәсіби мерекеде педагогтарға қандай сыйлық жасауға рұқсат, қандай сыйлық беруге тыйым салынған?
Оқушылардан мынадай сыйлық алуға рұқсат:
- Ашықхаттар, суреттер, қолөнер бұйымдары, өлеңдер (өлең жолдары)
- Гүл немесе гүл шоқтары
Мынадай сыйлықты алуға тыйым салынған:
- Сыныптан ақша жинау арқылы қаржылай немесе өзге де сыйлықтар алу
Мерекеге орай қандайда бір шара өткізуге, қаржы жинауға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Қаржы жинау фактісі анықталған жағдайда Білім сапасын бақылау комитетінің аймақтық департаменттеріне хабарласу керек,- делінген министрлік өкілінің newtimes.kz ақпарат агенттігіне берген жауабында.