«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетімен бірлесіп, педагогикалық білімі жоқ азаматтарға арналған кәсіби қайта даярлау бағдарламасын жүзеге асыруда,-деп хабарлайды Педагог-KZ
Жаңа бағдарлама аясындағы оқу үдерісі бірегей 3+2 форматы бойынша ұйымдастырылады.
Аптасына үш күн – теориялық сабақтар, NIS-тің сертификатталған тренерлерімен;
Екі күн – мектептердегі тәжірибелік сабақтар, тәжірибелі педагог-наставниктердің
Педагогикалық білімі жоқ болса ды мынадай мамандар қайта даярлаудан өте алады.
6B04 - Бизнес, басқару және құқық, 6B05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 6B06 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 6B07 - Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 6B08 - Ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша жоғары білімі бар мамандар оқи алады,-делінген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы жариялаған ақпаратта.