Сайт бойынша іздеу

Зейнет жасындағы педагогтар прокуратура арқылы өтемақысын өндіріп алды

Бөлісу:
meWwgnn178.png
Фото: ИИ

Қостанай облысында зейнет жасына жеткен білім беру саласының қызметкерлеріне төленуі тиіс өтемақылар прокуратураның араласуынан кейін толық өндірілді, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, :Жангелді аудан прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық білім бөлімінің еңбек заңнамасын сақтамағаны анықталған. 

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабына және білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарына сәйкес, зейнет жасына жеткен қызметкерлерге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде өтемақы төленуі тиіс.

Алайда аудандық білім бөлімі бұл талаптарды орындамаған. Соның салдарынан ауданның 14 жалпы білім беретін мектебінде еңбек еткен 34 қызметкерге тиесілі өтемақылар төленбей, берешек көлемі 5 млн теңгеден асқан.

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін барлық заңбұзушылықтар жойылып, қызметкерлерге тиесілі қаражат толық көлемде төленді.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін 9 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 3 адам тәртіптік жауапкершілікке алынды.