Мектеп жасындағы үш оқушының жағдайы өте ауыр. Бұл жағдай туралы жерілікті педагогтардың бірі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,- деп хабарлайды Педагог-KZ.
Жаңақорған ауданының орталығындағы №110 мектеп-лицейінің 3 оқушысы таңғы 7:30-шамасында өз үйінің ауласында көлік соғысуы салдарынан ауыр жарақат алған. Бұл туралы Жаңақорған аудандық аграрлық-техникалық колледж директорының орынбасары Алмат Құрбанайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оқиға осыдан бірер күн бұрын болған. Зардап шеккен үш бала да бір үйдің баласы.
«Балалардың жағдайы өте ауыр. Бір балаға екі рет ота жасалған, тағы бір зардап шеккен балаға отау жасау үшін дайындық жүруде», — деп жазды А. Құрбанайұлы.
Бейресми ақпарат бойынша, балалар көше бойында өз үйінің маңында мектепке бару үшін көлік күтіп тұрған. Сол сәтте көшеде екі көлік соқтығысып, көлік құралы өз бетімен тұрған оқушы балаларға келіп соқтыққан.
Осы оқиғадан соң аудан басшылығы Жаңақорғандағы балалар тасымалымен аналысатын көліктерді жаппай тексеру бойынша рейд жүргізген. Рейд туралы аудан әкімдігінің ресми парақшасында ақпарат жарияланды.