Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының қорытындысы шығарылды.
Бұл «Өрлеу» орталығына сілтеме жасап Педагог - KZ хабарлайды.
Педагогикалық идеялар панорамасы: 5000 педагогтің 107-сі жүлделі орын иеленді
Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының қорытындысы шығарылды.
Конкурсқа 5000-ға жуық педагог қатысып, олардың 107-і жүлделі орын иеленді.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
Конкурс өңірлік және республикалық кезеңдерінен тұрады.
Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын бейнеролик түрінде (сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейнеподкаст) ұсынды. Жұмысты жеке немесе топпен дайындауға болады.
Бейнесюжеттер 12 бағыт бойынша (ерте сауаттылық (мектепке дейінгі білім беру және тәрбие), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық) дайындалды.
Қатысушылардың бейнемазмұнын өңірлік сараптамалық кеңестің мүшелері 7 критерий бойынша бағалады: өзектілік, дәлелділік, пәндер аралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялықтық, сөйлеу мәдениеті мен ораторлық шеберлік, аудио/бейнемазмұнның сапасы.
«Республикалық сараптамалық кеңеске Өрлеу өкілдері және байқау бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Байқау жұмыстарын бағалау процесі ашық және айқын болды, ал республикалық кезеңнің жеңімпаздары Өрлеу сайты мен орталық филиалдарының Facebook және Instagram әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады», – деді Қазақстан Республикасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.
Сондай-ақ, 102 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнемазмұндардың авторлары да анықталды.
Педагогтердің мотивациясын арттыру мақсатында биыл ЮНЕСКО алғаш рет байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, «Глобалдық азаматтық рухында білім беру» және «Климаттық өзгерістер саласындағы білім беру» бағыттары бойынша арнайы марапаттар табыс етті. Бұл бастама байқаудың сапасын және өзектілігін арттырып, оның халықаралық сараптамалық деңгейге жақындауына ықпал етті.
Ақпарат