Сайт бойынша іздеу

Педагогтардың құқығын бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі - Мәжіліс заң жобасын қарауға кірісті

Бөлісу:
BLOHENZgi6.jpg
Фото: https://t.me/oqu_agartu

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Айта кетейік, аталған нормалардың әзірленуі және жауапкершілікті нақты шектеу қажеттілігі туралы бастамалар қоғамды қызу талқыға түскен. Енді құжат ресми түрде депутаттардың қарауына енгізілді.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Негізгі нормалар:
- Педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі – тек оқу процесі кезінде. Оқудан тыс уақытта, каникул кезеңінде және кешкі мезгілде жауапкершілікті ата-аналарға жүктеу ұсынылады.

- Мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ іс-шаралар мен жұмыстарға тартуға тыйым салу.

- Қосарланған есептілікті жою.
Құжат айналымы тек бір форматта – не қағаз, не электронды түрде жүргізілуі тиіс.

- Педагогтадың құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту.
Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске нақты санкцияларды күшейту жөніндегі түзетулер енгізу ұсынылады.