Сайт бойынша іздеу

Президент жаңа оқу-ағарту министріне нақты міндеттер жүктеді

Бөлісу:
F9wTPPcqH2.jpg
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Педагог-KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.