Сайт бойынша іздеу

Оқу-ағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды

Бөлісу:
EjFFCPYmSf.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер, депутаттар, педагогтар және мектеп директорлары,  үкіметтік емес ұйымдардың, жекеменшік білім беру мекемелерінің өкілдерінен 21 адам кірді. Олардың қатарында педагогтардың басты порталы - Педагог-KZ бас редакторы Дулат Абибуллаев бар.  

Айта кету керек, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері – шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. 

Қоғамдық кеңес мүшелерінің толық тізімі Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланды.