Сайт бойынша іздеу

ШҚО-да жаңа музыка мектебі ашылып, 35 педагог жұмыспен қамтылды

Бөлісу:
VjODOSQn0i.jpg

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде Балалар музыка мектебі ашылды,-деп хабарлайды Педагог-KZ облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап.

 

Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.  Балалар музыка мектебінің жалпы ауданы 1246 м², аумағы 4 гектар. Мектепте 17 оқу сыныбы бар,  35 педагог жұмыс істейді,  1116 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ,  126 орындық концерт залы, айнамен және станоктармен жабдықталған хореография залы және ыңғайлы оқу кабинеттері бар.