Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. «Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі», делінген жазбасында.
Астанадағы №58 мектеп-гимназияның директоры Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желі арқылы танымал болған еді.
Ол TikTok платформасында өткен челленжге қатысып, Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Тау ішінде» әніне түсірілген бейнеролик арқылы жеңімпаз атанды. Бейнежазба 3,1 миллион қаралым жинап, Лондонда өтетін концертке жолдама ұтып алды. Мектеп директоры ретінде әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, оқушылармен бірлескен жобалар мен бейресми форматтағы кездесулер ұйымдастырған. Алайда бұл бастамалар қоғамда әртүрлі пікір туғызды.