Сайт бойынша іздеу

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бес облыс жоғары білім сапасын көрсетті

Бөлісу:
Cyo8M7sSUZ.jpg
Фото: Ашық көзден

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстары білім сапасы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлайды «Педагог-KZ» Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінде кезекті аппараттық кеңес өтіп, онда үшінші тоқсанның қорытындылары талқыланды. Жиында оқушылардың білім сапасы мен тәрбие жұмысының тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Министрлік мәліметінше, үшінші тоқсан қорытындылары оң динамиканы көрсеткен. Оқушылардың білім деңгейі өткен оқу жылының осы кезеңімен салыстырғанда артқан.

Өңірлер бөлінісінде жоғары көрсеткіштерді Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстары көрсетті, деп хабарлады министрлік.

Кеңес барысында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылу барысы да қаралды.

Аталған бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп» пен «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген ауқымды іс-шаралар өткізіліп, оқушылар зияткерлік ойындарға, мамандықтар марафонына, дебаттар мен стартап байқауларына қатысқан. 

Тәрбие жұмысына «Шын жүректен кітап сыйла» және «Ананың аялы алақаны» челлендждері де қосымша серпін берген. Олар ата-аналардың білім беру процесіне қатысуын кеңейтуге, кітап оқу мәдениетін қолдауға және оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал еткен.