Сайт бойынша іздеу

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті тағайындалды

Бөлісу:
qMkTs6jfj5.jpg

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен және конкурстық комиссияның хаттамалық шешімімен Зүльфия Темірханқызы Төребекова Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

Зүлфия Төребекова Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Физика, математика және информатика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы АҚШ-тың Дюка университетінде магистратураны тәмамдаған және Сиракьюс университетінде докторантурада оқыған. PhD дәрежесіне ие, 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде Scopus базасындағы 16 жұмыстың және 2 монографияның авторы. 

 Еңбек жолын 2001 жылы физика және информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2006–2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда, сондай-ақ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде қызмет атқарған. Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органда жұмыс істеген кезінде 12-жылдық білім беру, аттестаттау, лицензиялау, стратегиялық жоспарлау және талдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысты.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, академия алдында тұрған ауқымды міндеттер мен күн тәртібіндегі маңызды жобаларға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.