Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бүгін білім саласын жоғары дәрежеде танытып жүрген педагогтермен кездесіп, алғысын білдірді.
Бұл туралы pedagog-kz.kz хабарлайды.
Облыста «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген 6 педагог бар. Оның 3-еуі бұл жоғары атақты биыл алды.
Жалпы соңғы 13 жылда «Үздік педагог» атағын 51 педагог иеленген, оның 19-ы ауыл мектептерінде қызмет етеді.
Жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздарға 3 жылдан бері «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» деген құрмет атағы қоса берілуде.
2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген 3 педагогке және Республикалық «Үздік педагог» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған 4 педагогке арнайы құттықтау хаттар табысталды.
Сондай-ақ «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған 6 педагогке 1 107 600 теңгенің сертификаттары, 5 педагогке «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы төсбелгісімен және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 1 107 600 теңге сыйақы табысталды.