Сайт бойынша іздеу

Заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз – Жұлдыз Сүлейменова

Бөлісу:
6MDYrscUr0.webp
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі ресурсынан

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтардың құқықтық мәртебесін одан әрі нығайту мақсатында заңнамалық өзгерістер жүзеге асатынын мәлімдеді. Бұл туралы министр ұстаздар мерекесіне арналған бейнеқұттықтауында айтты, деп хабарлайды Педагог-KZ.

«Президентіміз мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламы з және осы жолда ұстаздар қоғамдастығымен міндетті түрде ақылдасатындығымызды атап өткім келеді», – деді Жұлдыз Сүлейменова министрлік таратқан бейнеқұттықтауда.