Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласына маманданған бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және бірқатар ақпарат агенттіктерінің тілшілерімен кездесті, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Салтанатты жиында педагогтардың басты порталы - Педагог-KZ редакциясына да министрдің Алғыс хаты табысталды.
Ғани Бейсембаев жақын арада білім саласына қалам тартып жүрген тілшілердің ұстаздарына да құттықтау жолдайтынын жеткізді.
Кездесуде жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар мен білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, ұстаз мәртебесі мен қоғамдағы оқу-ағарту саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ортақ мақсат білімді әрі парасатты ұрпақ тәрбиелеу екені айтылды.
Министр өз кезегінде БАҚ өкілдерімен шығармашылық байланыс орнатуға қашан да мүдделі екенін жеткізіп, маңызды бастамаларды бұқараға жеткізуге үлес қосып жүрген тілшілер қауымына алғыс айтты.