Сайт бойынша іздеу

Аида Балаева Алматы қаласының педагогтарымен кездесті

Бөлісу:
vWMNNtsTVz.jpg
Фото: 214school.kz

Премьер-министр орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыға жұмыс сапары аясында педагогтармен кездесу өткізді. Кездесуде жекеменшік мектептерді қаржыландыру және мемлекеттік балабақшаларда балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету секілді саланың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Педагог- KZ  24 kz телеарнасына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы орынбасарының Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мегаполистің әлеуметтік саладағы өзекті мәселелері қаралды.

  Сала- сала бойынша өткен жиындарға Үкіметтің әлеуметтік блогының министрлері — Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрлері қатысты.

Жұмыс сапарының негізгі бөлігі ретінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен қала активімен кеңес, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу ді атап өту керек.

Педагогтардың қатысуымен өткен жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласындағы мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесіндегі негізгі проблемалар туралы баяндады.

Жиында Аида Балаева әлеуметтік саланы цифрландыру айрықша маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті қолдану тәртіп орнатудың, ашықтықты арттырудың және басқару тиімділігін күшейтуде негізгі құрал дардың бірі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, цифрлық құралдарды енгізу қазірдің өзінде жекеменшік балабақшалар мен мектептерді қаржыландыру кезінде елеулі заңбұзушылықтарды, соның ішінде жалған есептер мен «қағаз жүзіндегі» қызметкерлерді анықтауға мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде жеті жекеменшік мектеп мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілмеді.

Кездесулер мен талқылаулар қорытындысы бойынша Аида Балаева әлеуметтік саланың әрбір бағыты бойынша анықталған мәселелерді жоюға және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттерді белгіледі.