Сайт бойынша іздеу

Дене шынықтыру пән мұғаліміне 615 адам грантқа түсті

Бөлісу:
7PeY89t1Ey.jpg

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау  (B005) бойынша 615 адам гранта түсті деп хабарлайды Педагог-KZ Ұлттық тестілеу орталығы таратқан грант иегерлерінің тізіміне сілтеме жасап.

Айта кету керек, бүгін мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды. 77 мыңнға жуық грантқа 113 мыңнға жуық өтініш түскен. Оның ішінде Дене шынықтыру пәні мұғалімі бойынша  615 түлек грантқа түскен, ең жоғары балл 130 болса, ең төмені 121 балл жинаған.  Сондай-ақ  «Бастапқы әскери дайындық» пәні мұғаліміне 107 адам, музыка пәні мұғаліміне 113 адам, Көркем еңбек және сызу мұғаліміне 88 адам грантка түскен.