Мектеп директорларының басқарушылық дағдыларының төмендігі салдарынан кейбір білім ордаларындағы ішкі мәдениет төмендеп кеткен. Мұндай мектептерде мұғалімдердің мазасы қашып, орталыққа хат жазу жиілеген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде өткен жиында айтылды деп хабарлайды Педагог - KZ.
Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен және өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен жиында білім ордаларындағы корпоративті мәдениет мәселесі де сөз болды.
«Мектептептегі сапаға тікелей әсер ететін индикаторлардың бірі сала менеджерлерінің, білікті кадрлардың тапшылығы. Мектеп директорларының басқарушылық дағдыларының төмендігі білім жүйесінің сапасына тікелей әсер етуде. Оған қоса мектеп ішіндегі корпоративті мәдениеттің төмендеуіне әкеліп соғуда, мұндай мектептерде мұғалімдердің мазасы қашып, орталыққа хат жазуы жиілеп кеткен» делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім беру басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімін бекітті.