Бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай сыйақы берілетін халықаралық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Тиісті түзетулер Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Құжатқа сәйкес, тізім жаңартылған редакцияда бекітіліп, оған жалпы білім беретін пәндер бойынша келесі халықаралық олимпиадалар енгізілді:
- Халықаралық математика олимпиадасы (International Mathematical Olympiad);
- Халықаралық физика олимпиадасы (International Physics Olympiad);
- Халықаралық химия олимпиадасы (International Chemistry Olympiad);
- Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad);
- Халықаралық география олимпиадасы (International Geography Olympiad);
- Халықаралық информатика олимпиадасы (International Olympiad in Informatics);
- Халықаралық лингвистика олимпиадасы (International Linguistic Olympiad).
Сонымен қатар, тізім халықаралық ғылыми жобалар байқауы - Regeneron International Science and Engineering Fair-мен толықтырылды.
Бұйрық 2026 жылғы 4 ақпаннан бастап күшіне енеді.