Сайт бойынша іздеу

Магистр дәрежесі бар педагогтарға бірден санат беруге қарсымын – Жұлдыз Сүлейменова

Бөлісу:
hKhei1ucPS.jpg
фото: https://t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрі магистр дәрежесін алған мұғалімдерге бірден санат беруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Педагог-KZ.

«Магистратура бітірген ұстаздарға бірден біліктілік санатын беру жөніндегі ұсынысқа мен қарсымын. Себебі, орта білім жүйесінде мұғалімнің біліктілігі оның сабақ берудегі кәсіби шеберлігінің деңгейіне қарай бағалануы тиіс», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кету керек, бұған дейін Педагог-KZ бұған дейін хабарлағандай. Қазақстанда магистр дәрежесі бар педагогтардың саны рекордқ деңгейге жетті. Қазір орта білім жүйесінде 28 мыңдай магистр дәржесі бар педагог жұмыс істейді.