Сайт бойынша іздеу

Ғани Бейсембаев қызметін қорытындылап жазба жариялады

Бөлісу:
mMty3l0mEz.jpg
Фото: архив және ашық дереккөзден

Оқу-ағарту саласын үш жылға жуық басқарған Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында министр ретіндегі қызметін қорытындылап, жазба жариялады, деп хабарлайды Педагог-KZ.

   «Еліміздің ең жауапты да аса маңызды саласын 2023 жылы басқаруға сенім білдірген Мемлекет Басшысына айрықша құрметім мен шынайы алғысымды білдіремін. Қарапайым ұстаз ретінде мен үшін бұл үлкен мәртебе әрі бүкіл педагог қауымының еңбегіне берілген жоғары баға деп есептеймін», — деп жазды экс-министр 

Ғани Бейсембаев президенттің қолдауымен педагогтердің еңбекақысы екі есе көтеріліп, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, екі жылда үш ұстазға «Еңбек Ері» атағы берілгенін, «Келешек мектептері» жобасы қолға алынғаны айрықша атап өтті.

«Еліміздің барлық педагогтері мен ардагер-ұстаздарға сенім мен қолдау білдіргендеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Табандылықпен атқарған адал еңбектеріңіз ісімізге қуат беріп, шабыт сыйлап отырды. Сондықтан да біз қабылдаған әр шешім білім беру ұйымдарында жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, мұғалім қызметінің мәртебесі мен маңызын арттыра түсті», — деп жазды Ғ. Бейсембаев.

Министр лауазымында және соңғы бірнеше жыл ішінде білім саласында қолға алынған жұмыстардың жалғасатынына сенім білдірген экс-министр баршамыздың басты мұратымыз  балаларға қызмет ету екенін атап өтті.